2023 жылғы 25 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясында «Инновация-табысқа жету жолы» тақырыбында жаңашыл педагогтердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату, қазіргі педагогтің жалпы, коммуникативтік және зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыру, мектептің білім беру мәдениетін дамыту үшін жобаларды іске асыру арқылы заманауи білім берудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын анықтау.
Конференцияның модераторы ретінде әдістемелік орталықтың басшысы Ләззат Сұрағанқызы Құрманғалиева жүргізді.
Аталған конференцияға қалалық білім бөлімінің басшысы Нөгертаева Айгүл Бексұлтанқызы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары, директорлардың әдістемелік жұмыс, оқу-ісі және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагогтер қатысты.
Конференция аясында «Музыкалық - поэтикалық үзілістер», дефиле, шеберлік сағаттардың элементтері бар көрме ұйымдастырылды. Конференция екі бөлімнен құралды: біріншісі пленарлық отырыс және секция отырыстарының жұмысы.
Секциялар барысында «Көкшетау қаласы педагогтерінің үздік авторлық бағдарламалары», «Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе», «Мектептің білім беру мәдениетін дамытуға арналған жобалар», «Үздік педагог» конкурсына қатысушыларының жұмыс тәжірибесінен» тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибелері таныстырылып, талқыланды.
Конференцияның соңында қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар талқыланып, қабылданды. Сонымен қатар, конференцияны ұйымдасырып, өткізуге үлесін қосқан педагогтер алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.