2023 жылдың 24 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған семинарда мектеп директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың педагог – психологтары және әлеуметтік педагогтері буллинг мен кибербуллингтің психологиялық аспектілерін талқылады. Семинардың басты мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай әдіс-тәсілдерді қалыптастыру.
Мектептегі психологиялық қауіпсіздік, ата-аналармен өзара әрекеттестік, буллинг мен кибербуллингтің алдын алу бойынша тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Педагог-психологтар семинар қатысушыларымен мектеп психологы жұмысының техникалары мен мәселелерді шешу жолдарымен бөлісті. Семинар аралас форматта өтті. Қатысушылардың жалпы саны 265 адам болды.
Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы ІТ лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акмарал Кайроллиқызы Жантанова Назарбаев Зияткерлік мектептері үлгісі бойынша мектеп өмірінің қоғамдастығын құру тәжірибесімен бөлісті. Мектептегі психологиялық қауіпсіздіктің шарттары мен қауіптері туралы Көкшетау қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің педагог - психологы Ирина Михайловна Терентьева айтып берді.
Педагогикалық ұжым мен ата-аналардың бірлескен жұмысынсыз мектептегі буллингтің алдын-алу шараларының тиімді өтуі мүмкін емес. Жақсылап ойластырылған іс-шаралар, ата-аналар ұжымымен тұрақты қарым-қатынас сияқты шаралар білім алушыларда көптеген қиындықтардың алдын алудың кепілі болып табылады. Аталған мәселе жайлы Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейінің педагог-психологы Ташенева Жулдыз Сериковна айтты.
Мектеп психологы жұмысының әдістері мен құралдарды Көкшетау қаласы №19 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Маймескулова Ольга Алексеевна және Бурабай ауданындағы Златополье ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Орлова Яна Владимировна бөлісіп, көрсетті. Семинарға қатысушылар жұмысқа белсенді қатысты, нәтижесінде ұсыныстар берілді.