Текст
2023 жылдың 27 сәуірінде Атбасар қаласында өткен практикалық конференцияда білім беру ұйымдарының психологтары өмірлік дағдыларды қалыптастыру арқылы білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Конференция барысында буллингтің, интернетке тәуелділіктің алдын алу, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, аутодеструктивті мінез-құлық, дағдарыс жағдайында жанұядағы конструктивті қарым-қатынас, мұғалімдердің эмоционалды күйзелісінің оң технологиялары бойынша тәжірибелік істер ұсынылды және педагог – психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ко-терапияның түрі ұсынылды. Оқу процесінің барлық қатысушыларымен жұмыстың әртүрлі формалары талқыланып, тәжірибе жүзінде пысықталды. Әрбір қатысушыға конференция материалдарының жинағы берілді.