«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа

29.04.2023

2023 жылғы 27-28 сәуірде Астана қаласында НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының "Lesson Study: рефлексивті практикадан тұрақты көшбасшылыққа" атты І Ұлттық конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Білім вице-министрі Айбат Ілиясов, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Азияның білім беру жөніндегі жаһандық комиссиясының комиссары Күләш Шамшидинова, Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының президенті Кэтрин Льюис (АҚШ), шетелдік ғалымдар: Ұлттық білім беру саясаты институтының аға зерттеушісі Тошия Чичибу (Жапония), аға оқытушы Мұғалімдерді даярлау институты Хасна Абдула (Малайзия), білім беру саласындағы сарапшы Роберт Дуглас Сим (Шотландия) және Қазақстанның барлық өңірлерінен 500-ден астам педагогтері қатысты.

Конференцияның ашылуында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин бүгінгі таңда әрбір мектеп үшін осы әдістемені оқытатын тренерлер құрамы дайындалғанын атап өтті.

Спикерлер білім беру саласындағы озық технологиялармен бөлісті. Онлайн режимінде World Association of Lesson Studied Президенті Кэтрин Льюис Lesson Study-ді енгізу бойынша елдің жетістіктері туралы баяндады.

Конференция аясында педагогтердің зерттеу жұмыстарының презентациялары мен талқылаулары, Сабақты зерттеу нәтижелері бар постерлер байқауы, сабақты бақылау мақсатында мектептерге бару және педагогтерге оқыту семинары  өткізілді.

Ұлттық конференция халықаралық деңгейдегі іс-шараға дайындықтың алғашқы қадамы болды: келесі жылы елордада тиімді жұмыс істеу және ел мектептерінде оқытудың жаңа әдістерін енгізу үшін Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының сараптамалық кеңесінің қатысуымен WALS-2024 халықаралық конференциясы өткізілетіні туралы айтылды.

Просмотров: 696


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст