2023 жылғы 26 сәуірде Целиноград ауданында Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебінде "Жас педагогтердің кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас" атты жас педагогтердің аймақтық форумы өтті.
Іс-шара бірыңғай шығармашылық педагогикалық қоғамдастық құру, жастардың азаматтық және қоғамдық бастамаларын дамыту, белсенді шығармашылық қызметке тарту үшін өңірдің жас педагогтерін біріктіруге бағытталған.
Форумға Қосшы қаласының, Шортанды, Қорғалжын аудандарының 60-тан астам жас педагогтері мен әдістемелік кабинеттер меңгерушілері қатысты.
Форум аясында Целиноград ауданының педагог-шеберлерінің тренингтері, жас педагог-блогерлердің сөз сөйлеуі, пікірталастар, зияткерлік ойындар, арт-сессиялар, көрмелер мен шеберлік сыныптары өтті. Педагог-шеберлер жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін жандандыру және педагогикалық қызметтің бастапқы кезеңінде инновациялық қызметті дамыту үшін өз тәжірибелерімен және жаңа идеяларымен бөлісті.
Форумның ынтымақтастығы жылы достық атмосферада өтті, жас педагогтер кейс-білімдерін толықтырып, тәжірибе алмасты. Бұл алаң басқа аудандардан келген жас әріптестерімен тілдесуге, педагогикалық қызметтегі қызықты мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Форум соңында белсенділік танытқан жас педагогтерге сертификаттар табысталды.
Іс-шараның мерекелік бағдарламасын мектеп оқушылары мен жас педагогтердің орындауындағы вокалдық және хореографиялық композицияларымен толықтырды.