2020 жылдың 24 қаңтарында № 1 Жақсы орта мектебінде «Сапалы білім- болашақтың кілті» тақырыбында мектепішілік «семинар-практикум» ұйымдастырылды.
Алматы Менеджмент Университетінің Қысқы мектеп атты республикалық семинарының қатысушысы, жас мұғалім Бикаева Лана Рустемовна Мәскеу қаласы «жаңа мектебінің» презентациясын ұсынып, «Жаңа мектеп» атты воркшоп өткізді. Воркшоптың басты мақсаты АлмаU Қысқы мектебі республикалық семинарының қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.
Лана Рустемовна «Кез келген қабырға ескі» презентациясын ұсынды және қатысушыларға «бос мектеп» қабырғаларын плакатта жаңа идеялармен толтыруды ұсынды.
Жас педагог барлық идеяларды тек плакатта емес, олады шынайы өмірде іске асыруға тілек білдірді!