2023 жылғы 2 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы дарынды педагогтарды қолдауға, тәрбие жұмысы жүйесіне инновациялық педагогикалық идеяларды енгізуге бағытталған «білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйелерінің панорамасы» облыстық байқауын өткізді.
Аталған конкурсқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі 19 орынбасары қатысты, олар өздерінің ұсынылған конкурстық материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық өзіндік ерекшелігін, тәрбие процесінің келешегі мен практикалық маңыздылығын көрсетті.
«Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйелерінің панорамасы» облыстық сырттай байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде - Бұхарбаева Надежда Серікқызы, Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы.
I орын – Наумова Александра Валерьевна, Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейі.
II орын – Павлова Светлана Ивановна, Шортанды ауданы Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі;
Антонина Татьяна Яковлевна, Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі.
III орын - Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы, Аршалы ауданы Ж. Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектеп;
Солтанбек Ғалия, Зеренді ауданы Бірлестік ауылының жалпы білім беретін мектебі;
Онучко Светлана Ивановна, Ақкөл ауданы Урюпинка ауылының балабақша-мектеп-интернаты арнайы кешені.
Облыстық конкурстың жүлделі орындарының иегерлеріне дипломдар мен ақшалай сертификаттар, конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!