🔹️Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы сәуір айында Ақмола облысының аудандық, қалалық білім бөлімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинеттерінің облыстық қарау-конкурсы өткізілді.
🔹️Конкурстың мақсаты әдістемелік қызметтің жұмысын жандандыру, Ақмола облысының аудандық, қалалық білім бөлімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинеттерінің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
🔹️Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинеттері анықталды:
📌Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері арасында:
🥇1 орын – Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті;
🥈2 орын - Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті;
🥉3 орын – Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы.
📌Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинеттері арасында:
🥇1 орын – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК;
🥈2 орын – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК;
🥉3 орын – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы тау-кен техникалық колледжі» МКҚК.
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Ақмола облысы білім басқармасының ✔️Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті, «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК конкурстық материалдарды сапалы дайындағаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының грамоталарымен марапатталды.