Ақмола облысының педагог-шеберлерімен әдістемелік идеялар марафоны аясында алты ай бойы шеберлік сағаттары, коучингтер, фасилитациялар, панельдік пікірталастар, презентациялар, оқыту семинарлары, панорамалық трек өткізіліп, педагогикалық тәжірибелер таратылды. Педагог-шеберлер дамытушылық сипаттағы оқытуды, проблемалық және ұжымдық оқыту сияқты заманауи технологияларды қолданды.
2023 жылғы 10 мамырда дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘжТД), бейнелеу өнері мұғалімдерінің үздік әдістемелік идеяларын таратуға бағытталған вебинар өткізілді.
Вебинар аясында «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Қарасартов Еркебұлан Ғалинұрұлы, Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Серікбаев Самат Амангелдіұлы, Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының мұғалімі Кинцель Александр Евгеньевич, Целиноград ауданы Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Илларионова Ирина Николаевна шеберлік сағаттарын өткізді.