🔹️2023 жылғы 12 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мүмкіндігін беру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
🔹️Байқауға 7 ауданнан, Аршалы, Бурабай, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының мектепке дейінгі ұйымдары қатысты.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен номинациялар анықталды:
🥇 І орын – Сычева Валентина Павловна, Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №3 «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі;
🥈ІІ орын – Габдулина Салтанат Тайлаковна, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Алтын бала» балабақшасының тәрбиешісі;
🥉 ІІІ орын – Абдикова Мирамкуль Бекуловна , Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі;
✔️«Іскер педагог» номинациясы – Карабекова Калипа Менлибековна, Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі;
✔️«Креативті педагог» номинациясы – Бекмагамбетова Гульмира Тынымовна, Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі;
✔️«Өнерлі педагог» номинациясы – Хапас Жайнаған, Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі;
✔️«Жаңашыл педагог» номинациясы – Уалиева Ризагуль Сагандыковна, Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі.