17 мамырда Көкшетау қаласындағы көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің базасында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдістемелік қолдау бойынша облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске колледж директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтары және әлеуметтік педагогтері қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Галимова А.С. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары туралы мәселелер бойынша айтты. Ермұханова И.И. Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы әдістемелік қолдау бойынша психологиялық қызметіне талдау жасалды. Бөлімінің әдіскері Шарипова Г.Е. колледждердің психологиялық қызметінің жұмысы бойынша ұсыныстармен бөлісті. Қатысушылардың жалпы саны 69 адам болды.