2023 жылдың 17 мамырында Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ кеңес беру – оңалту бөлімімен «Жасөспірімдер мен жастар ортасындағы экстремизмді алдын алу» тақырыбында кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша Ақмола облысы жалпы білім беру мектептерінің психологтарына арналған оқыту семинар-тренингі өтті.
Семинар-тренингтің модераторы: Касенов Болат Неғметжанұлы – Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы
Осы іс-шараға сарапшы ретінде сөз сөйлегендер: Раздыкова Гүлназ Максутовна – жаттықтырушы, психолог, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі «Аддиктивті мінез-құлқы бар балалармен жұмыс істеу әдістері мен формалары. Белгілері, сипаттамасы және мектептің назар аударуының әдістері» тақырыбы бойынша;
Абитова Асия Рамзановна - жаттықтырушы, дінтанушы, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы «Ойындар – баламен өзара тиімді қарым-қатынас құралы ретінде» және «Оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру техникалары. Мектептегі тренингтер» тақырыптары бойынша.
Семинарда жасөспірімдермен психологиялық жұмыстың формалары мен әдістерін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды, белсенді террористік аймақтан оралған балалардың психологиялық ерекшеліктері және жастарды Интернеттегі экстремистік қауымдастықтарға / топтарға тарту әрекетіне қарсы қағидалар түсіндірілді.
Сонымен қатар топтық жұмыстар жүргізілді: балалрды деструктивті діни ұйымдарға тарту бойынша кейстерге талдау жасау. Ұсынымдар, қорытындылар және ұсыныстар.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.