«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» кеңейтілген алқа отырысы

03.02.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы» республикалық алқа отырысын өткізді.

Алқа отырысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев құттықтау сөзімен ашты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  А. Аймағамбетов негізгі баяндамасымен сөз сөйледі.

Ақмола облысынан алқа отырысының жұмысына облыстық, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, облыстың әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары, алдыңғы қатарлы мұғалімдер, жас педагогтар, ата-аналар қауымдастығы мен қамқоршылық кеңестерінің өкілдері қатысты.     

Пленарлық  отырыста «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары туралы», «Білім беру үрдісінің сандық трансформациясы», «Балалардың құқықтарын қорғау» сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

Алқаның секциялық отырысының негізгі тақырыбы – «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы шеңберінде мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары және «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемелекеттік бағдарламасы».     

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Ш. Каринова өз баяндамасында республиканың барлық өңірлерінде білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелеріне және ҚР Білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі және орта білім берудің міндеттеріне аса назар аударды.

Алқаның секциялық отырыстарында педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін одан әрі реттеу туралы, облыстың әдістемелік қызметтерінің әлеуеті туралы, орта мерзімді жоспарлау туралы, Педагогтің кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін дамыту туралы өзекті мәселелер белсенді талқыланды.

Екі күн ішінде Республикалық кеңейтілген алқа отырысының қатысушылары нәтижелі  жұмыс жүргізіп  2020 жылға арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

                                                                                          Г. Дюсенова

 

                                                                                                     

Просмотров: 743


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст