«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жақсы кітап-жан азығы » облыстық сырттай конкурс

25.05.2023

«Оқуға құштар мектебі» жобасын іске асыру аясында 2023 жылғы 23 мамырда мектеп кітапханаларында кітап шығаруды ынталандыруға және осы саладағы жетістіктерді көрсетуге бағытталған «Жақсы кітап – жан азығы» облыстық байқауы өтті.

Байқауға әдебиет, кітаптану, өлкетану, туған өлке тарихы, классикалық әдебиет арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және тағы да басқа мәселелеріне арналған 18 дана кітаптар, өлеңдер мен әңгімелер жинақтары ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын - Атбасар ауданы, «Атбасар қ. №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «атаулар мен тоғысу жолдары» атты шығармалар мен өлеңдер жинағы.

II орын - Сандықтау ауданы, «Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Шабыт гүлдері» әдеби жинағы;

Көкшетау қ., «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ кітап – детектив «Чернокнижник».

III орын - Есіл ауданы, «Свободное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, «История и  судьбы»  ауыл шежіресі;

Шортанды ауданы, «Степное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Менің туған өлкем» шығармашылық жұмыстар жинағы;

Целиноград ауданы, «Қоянды ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ «Жауқазын жыр» оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жинағы.

Байқау жеңімпаздары шығармашылығы, жұмыстың өзектілігі мен мазмұны үшін Ақмола облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және белсенді қатысқаны үшін білім басқармасының әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталады.

Просмотров: 1245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст