«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына арналған «Инновациялық-жобалық қызмет – білім беру ұйымдарында білім беру қызметін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында облыстық аймақтық семинар- практикум өтті

05.02.2020

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылы  5 ақпан күні Атбасар ауданы «Еркежан» балабақшасында Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2022 оқу жылына арналған  ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызмет бойынша Жарқайың  және Сандықтау аудандарының  мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына арналған «Инновациялық-жобалық қызмет – білім беру ұйымдарында білім беру қызметін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында облыстық  аймақтық семинар- практикум өтті.

Аталған семинар-практикум мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәрбиеленушілермен жұмыс істеуде инновациялық - жобалық қызмет әдісін қолдануға мотивациялау, педагогтардың шығармашылық және кәсіби белсенділігін дамыту құралы ретінде жоба әдістерімен таныстыру арқылы семинарға қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға облыстың 35-дан астам педагог қатысты.

Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Кажахметова Айман Негметжанқызы, Нұрмағамбетова Гүлназ Заркейқызы, сонымен қатар Атбасар ауданы «Еркежан» балабақшасының меңгерушісі Толғанбаева Жанаргүл Еркенқызы сөз сөйледі.

Семинар-практикумның практикалық бөлімінде Атбасар ауданының №4 «Еркежан» балабақшасының педагогтарымен: тәрбиеші Нина Анатольевна Сахновамен дене шынықтыру бойынша «Жоба танымға мотивация ретінде» «Ғарышқа ұшу», тәрбиеші Наталья Сергеевна Дудкинамен жаратылыстану бойынша «Айналамен таныстыру» сабақтар панарамасы көрсетілді, сонымен қатар әдіскер Серікпаева Әсемгүл Далановнамен «Лего-құрастыру және робототехника» үйірмесі және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Айман Негметжанқызы Кажахметовамен «Кім инновациялық білімнің білгірі болғысы келеді» педагогикалық импровизация өткізілді.

Жарқайың, Атбасар және Сандықтау аудандарының педагогтары балабақшалардағы ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызмет әдістерімен, жоспарлы, жүйелі, тәрбиелік-білім беру, инновациялық-шығармашылық, оңтайлы және перспективалық әдістемелердің негізгі бағыттары бойынша балалар мен ата-аналарды әртүрлі қызмет түрлеріне тартудың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Семинар соңында мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық-жобалық қызметтің табыстылық критерийлері мен бірқатар мәселелері талқыланды, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу үшін әдістемелік ұсынымдар қабылдады.

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст