«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өмірдегі ең бастысы, ең бағалысы - бұл Отбасы» аймақтық семинар

07.02.2020

2020 жылғы 7 ақпан күні  Жақсы ауданы, № 2 орта мектебінің базасында  Жақсы, Жарқайың, Есіл, Атбасар аудандарының әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшыларына, ата-аналар қауымына арналған «Өмірдегі ең бастысы, ең бағалысы – бұл Отбасы» атты аймақтық семинар өтті.

Мақсаты: облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқу-тәрбие процесін дамытуда ата-аналар жұртшылығын жандандыру және тәрбие мәселелерінде ата-аналар әлеуетін дамыту.

Семинар теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде жаңартылған білім беру жүйесі бойынша жаңа тәсілдер мен бағдарламалар, балада жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудағы ата-аналардың рөлі, мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептердің отбасылық клубтарының отбасы мен мектептің ынтымақтастық нысаны ретінде жүйелі жұмысы туралы мәселелер қарастырылды.

Ал практикалық бөлімде ана-аналармен 5 секция бойынша жұмыс жүргізілді, онда мамандар білім берудің жаңартылған мазмұнының бағдарламалары бойынша, мектеп және отбасылық кикілжің «әкелер мен балалар» мәселелері бойынша кеңес берді.

Ата-аналар қауымы өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша мамандардың заң кеңесін алды.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, қабылданды. Семинарға 50 адам қатысты.

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст