«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторы ретінде үштілді оқытуды енгізу» аймақтық семинар

07.02.2020

2020 жылғы 7 ақпан күні Жақсы ауылында «Жақсы № 2 орта мектебі» КММ-сі базасында Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскер-менторлары және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерін (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде оқытатын педагогтарға арналған «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторы ретінде үштілді оқытуды енгізу» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Семинар жұмысы Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының  педагогтарының қатысуымен төрт секцияда: «ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯСЫ», «ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯСЫ», «БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯСЫ», «ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯСЫ» дөңгелек үстел форматында өтті.

Облыс педагогтары «ЖҒБ пәндерін оқытуда ағылшын тілін қолдану әдістері мен тәсілдерінің панорамасы», «ЖҒБ пәндерін оқытуда критериалды бағалау әдістерін қолдану», «Билингвизм жағдайында биология сабақтарында белсенді стратегиялардың көрсетілімі», «Үш тілділік аясында ЖҒБ сабақтарында белсенді әдістерді қолдану», «CLIL технологиясы бойынша ЖҒБ пәндерін оқытудың пәндік-тілдік тәсілі», «Сабақтарда белсенді оқытуды қолдану тәсілдері», «Биология сабақтарында сараланған тапсырмаларды қолдану әдістері», «Информатиканы ағылшын тілінде оқытудағы дидактикалық ойындар» тақырыптар бойынша шеберлік сағаттар және  «Көңілсіз оқушыларға арналған тиімді химиялық активити» коучинг тәсілімен тренинг өткізіп, жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Пленарлық бөлімде Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ әдіскері Сауле Алиева дөңгелек үстелге қатысушыларды білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерді даярлаудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлімен таныстырды. Сонымен қатар, білім беру бөлімінің әдіскері Меруерт Тохашева «Көптілді білім беру бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторы ретінде» сөз сөйлеуінде Жақсы ауданының мектептерінде үш тілді оқытуды енгізу бойынша аудан педагогтары мен білім беру бөлімі жүргізген жұмыстар туралы айтып өтті.

Ұсынылған педагогикалық тәжірибе семинар қатысушылардың жоғары бағасына ие болды, барлық сұрақтар бойынша жан-жақты талдау жүргізілді және кең пікірталас өтті.

Әр секцияда Рефлексия өткізілді және дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша сабақтарда және сыныптан тыс тілдік белсенділіктің әртүрлерін құру арқылы ағылшын тілінде ЖҒБ пәндерін оқытатын мұғалімдер ұйымдастыратын оқудан тыс белсенділіктің түрлерін кеңейту бойынша ұсынымдар қабылданды («сыныпта оқытудан» – «өмірдегі оқытуға»).

С. С. Алиева,  Ақмола облысы білім басқармасының

«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті»

КММ-нің әдіскер-менторы

 

 

 

 

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст