Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 6 ақпанында Ақмола облысының мектептері мен колледждері педагогтарының озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау мақсатында жұмыстарды тексеру бойынша сараптамалық кеңестің жұмыс отырысын өткізді.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, п.ғ. к. Г. Кушпаева кіріспе сөз сөйледі.
Кеңесте облыстық сараптамалық кеңестің құрамы, конкурсқа түскен жұмыстарды бағалау критерийлері бекітілді. Оның құрамы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚ мамандары, Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждері педагогтарының қатарынан құрылды.
Жұмысты қорытындылай келе, Ақмола облысының балабақшалары, жалпы білім беретін мектептері мен колледждері педагогтарының озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау бойынша озық педагогикалық тәжірибенің облыстық деректер банкіне (бағалау критерийлеріне сәйкес) ең үздік жұмыстарды енгізу және республикалық деңгейде тәжірибені одан әрі тарату мақсаттары қойылды.