«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұланды ауданында «Инновациялық-жобалық қызмет – білім беру ұйымдарында оқыту қызметін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында облыстық аймақтық семинар- практикумды өткізу

07.02.2020

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылға 7 ақпан  күні Бұланды ауданы Макинск қаласындағы «Айгөлек» бөбекжай-балабақашасында  Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2022 оқу жылдарына ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызмет бойынша Көкшетау қаласының, Бурабай, Біржан сал, Зеренді аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына арналған «Инновациялық-жобалық қызмет – білім беру ұйымдарында оқыту қызметін ұйымдастыру формасы ретінде»  тақырыбында II облыстық аймақтық семинар- практикум өтті. Семинарға облыстың 40-тан астам педагогы қатысты.

Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері сөз сөйледі. Семинар практикалық бөлімнен басталды, онда Бұланды ауданының «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының педагогтарымен : «Қазақтың салт-дәстүрлері» - Исмаилова Рыскүл Бердібекқызы, «Менің сүйікті қалам» - Синица Елена Александровна, «Тіл-халық қазынасы» - Фогель Анна Евгеньевна, «Не? Қайда? Қашан?»- Баяхметова Әсемгүл Кеңесқызы интеллектуалды ойын, Самохвалова Марина Юрьевна М.М.Воскобович технологиясы бойынша шеберлік сағатын өткізді. Практикалық бөлім «Инновациялық - жобалық әдістің білгірі болғысы келетіндер» атты педагогикалық импровизациямен аяқталды.

Сонымен қатар Бұланды ауданы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Иванченко Наталья Николаевна, Бурабай ауданы «Ромашка» бөбекжай - бақшасының меңгерушісі Быстрова Светлана Станиславовна, Біржан сал ауданы «Балдырған» балабақшасының әдіскері Шакирова Меруерт Аманжуровна, Көкшетау қаласының № 6 «Нұрай» балабақшасының әдіскері Сейтикова Торка Калиевна ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызметті енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Өз сөздерінде педагогтар балалар мен ата-аналарды түрлі қызмет түрлеріне тарту әдістемесінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс түрлері мен әдістерімен бөлісті.

Семинар соңында мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық-жобалық қызметтің табыстылық критерийлері мен мәселелері талқыланды. Бұдан әрі бірлескен жұмыс үшін әдістемелік ұсынымдар қабылданды, сондай-ақ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттары мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст