«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы колледждердің педагогтері біліктілігін арттыруда

15.06.2023

Біліктілікті арттыру курстары оқытушыға кәсібилік пен құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Оқу процесінде білім беру қажеттіліктері қанағаттандырылады, кәсіби қабілеттер жетілдіріледі.

2023 жылғы 913 колледждердің педагогтері жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жоспарланған, оның ішінде «Білім берудегі менеджмент: қазіргі білім беру жағдайында ТжКОБ ұйымы басшысының тиімді стилі» тақырып бойынша колледж басшылары. Курстардың ерекшелігі - 6 негізгі профиль бойынша оқыту. Қазіргі кезде жалпы білім беретін пәндер оқытушылары, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері  «денсаулық сақтау», «инженерлік», «бизнес және басқару», «көлік қызметтері» бағыттары бойынша білім алуда.

Оқу барысында тыңдаушылар корпоративтік басқару түрлерін, дербестік жағдайында колледжді дамытудың қаржы-экономикалық тетіктерін, білім беру бағдарламасын әзірлеуді, педагогикалық практикадағы коучингтік тәсілді зерделейді.

Курстарды өткізу үшін өндірістен стейкхолдерлер, бизнес-тренерлер тартылды.

Біліктілікті арттыру курстары педагогтерге қолда бар білім мен дағдыларды жетілдіруге, жаңа технологияларды, әдістемелерді зерделеуге және алған білімдерін тәжірибеде тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді.

Просмотров: 1152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст