«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ресурстық орталық - білім беру сапасын арттырудың негізі» облыстық семинары

12.02.2020

2020 жылғы 12 ақпан күні Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы № 1 орта мектебінің ресурстық орталығының базасында «Ресурстық орталық -білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы  А.С. Шакшакова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының меңгерушісі А.Е.Зейнелова, Ерейментау ауданы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі К.Аубакирова, оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Р.Б.Баганалинова, аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, шағын жинақты мектептердің жұмысына жетекшілік ететін мамандар, ресурстық және магниттік мектептердің директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: тәжірибе алмасу, ресурстық орталықтардың оқу-тәрбие жүйесінің қызметін жандандыру және білім сапасын арттыру жолдарын талқылау.

Семинардың негізгі міндеті облыстағы тірек мектептер жұмысында құзыреттілікті дамытуды қамтамасыз ету үшін практикалық тәжірибе алмасу болды. Іс-шараға барлығы 70 педагог қатысты.

Семинарда қарастырылған негізгі мәселелер: ресурстық орталықтың қызметін нормативті-басқарушылық сүйемелдеу, ресурстық орталықтың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау, ресурстық орталықтың тірек және магниттік мектептерінің өзара әрекет етуі, ресурстық орталықта оқу-тәрбие үдерісін бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеу. Сонымен қатар семинарға қатысушылардың назарына сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру және психологиялық жұмыстар ұсынылды.

Қатысушылар «Ресурстық орталықтың проблемалары мен даму перспективалары» өзекті тақырыбы бойынша пікір алмасты және болашақта магниттік мектептердің стратегиялары мен жұмыс тактикасын әзірлеу, оқыту сапасын арттыру мәселесін зерделеу бойынша ұсынымдар  қабылданды.

 

 

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст