«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қазақшаң қалай балақай» облыстық конкурсы

04.07.2023

* Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы балаларға  мемлекеттік тілді  меңгерту арқылы олардың коммуникативтік, танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қазақшаң қалай, балақай?» атты байқау өткізді.

* Байқауға 13 ауданнан мектепке дейінгі ұйымдар қатысты.            

* Сараптама комиссиясының шешімі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қазақшаң қалай, балақай?» сырттай байқауында номинациялар бойынша жүлделі орындар анықталды:

«Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті»

Бұланды ауданы Макинск қаласындағы «Солнышко» бөбекжай балабақшасының «Колокольчик»  тобының тәрбиеленушілері, жетекшісі педагог Бухольц Арина Сергеевна.

 «Жүзден жүйрік»

 Шортанды ауданының «Балауса» бөбекжайының тәрбиеленушісі 6-жасар Беседин Михаил, жетекшісі қазақ тілінің мұғалімі Оней Күлпаш.

«Үздік ұйымдастырылған бірлескен әрекет»

 Көкшетау қаласындағы «Нұр бала» бөбекжайының тәрбиеленушілері, жетекшісі педагог Батай Нұрайм Нұралдинқызы.

* Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының  грамоталарымен марапатталып, республикалық кезеңге қатысады.

Просмотров: 878


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст