«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Ең үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсы

13.02.2020

2020 жылғы 12 ақпан күні «Ең үздік психолог кабинеті»  облыстық сырттай конкурсы өтті.

Конкурс оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейту, психолог кабинеттерінің жабдықталуын анықтау; Ақмола облысының білім беру жүйесінде жұмыс істейтін дарынды педагог-психологтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу; практикалық психологияның беделін арттыру; жеке тұлға мен оның даралығын дамытуға бағытталған білім беру үдерісін ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру; педагог-психологтардың өзін-өзі дамытуға жағдай жасау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу; педагог – психолог кабинеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану және жабдықтарды оңтайландырудың практикалық критерийлерін әзірлеу мақсатында өткізілді.

Облыстық конкурсқа 40 білім беру ұйымдары қатысты.

Конкурс  үш санат бойынша өткізілді: 

I санат – жалпы орта білім беру психологының кабинеті (18 қатысушы);

II санат - мектепке дейінгі білім беру психологының кабинеті (10 қатысушы);

III санат – ТжКОБ психологының  кабинеті (12 қатысушы).

Конкурс  қорытындысы бойынша келесі нәтижелер алынды:

Жалпы орта білім беру санатында:

I  орын  - Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 10 жалпы үлгідегі мектеп-интернаты,  М. В. Лазаренко педагог-психологы;

II орын   -  Степногорск  қ., № 5 мектеп-лицейі,  Мухамеджанова Д. Ш. педагог-психологы;

III  орын  - Бұланды ауданы Макинск қ. мектеп-лицейі,  Ханаева Л. К. педагог-психологы.

Мектепке дейінгі білім санатында:

I орын – Атбасар ауданы № 5 «Алтын бесік» балабақшасы, Раисова А. Ш. педагог-психологы;

II орын - Степногорск  қ. «Балауса» – бөбекжай – балабақшасы, Арзамасцева Т. А. педагог-психологы;

III орын   - Көкшетау қ. №10 «Алтын бала» балабақшасы,  Анафина А. К. педагог-психологы.

ТжКОБ ұйымдары санатында:

I орын -  Көкшетау қ. Жоғары медициналық колледжі,  Колесникова О. Ю. педагог-психологы;

II орын  - Красный Яр ауылының № 3 Агротехникалық колледжі, Ахметжанова М. В. педагог-психологы;

III орын   - Көкшетау қ., Ж. Мусин  атындағы Жоғары педагогикалық колледжі, Мұратбекқызы Қ. педагог-психологы.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст