«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылғы 13 ақпанында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің базасында бастауыш сынып, информатика, география, орыс тілі мұғалімдеріне және аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Цифрлы Қазақстанға арналған электрондық оқулықтар: «Алматыкітап баспасы» баспасын құру және енгізу тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарда «Алматыкітап баспасы» баспасының өкілдері: оқулықтарды цифрлау бөлімінің бас редакторы Капранчик Елена Александровна, орыс редакциясының бас редакторы Асылбекова Марина Сергеевна, қазақ редакциясының бас редакторы Өмірзақ Абдішүкірұлы сөз сөйледі.
Семинарда педагогтар alkitap.kz Web-платфорсымен танысты. Семинар шеңберінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және электрондық оқулықтарды енгізу мәселелері; оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ маңыздылығы және оларды оқу үрдісінде қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар қарастырылды.
Семинар жұмысына 100-ден астам педагог қатысты.