2020 жылдың 14 ақпанында Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл орта мектебінің жас педагогы, шет тілі мұғалімі Юлия Викторовна Крицкая «Ақмола Жаңа толқын» қоғамдық қорының қолдауымен өз мектебінде волонтерлік клубтың ашылуын ұйымдастырды.
«Ақмола Жаңа толқын» облыстық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Игілік Жалғас пен Кенжебаева Әсемгүл кіріспе сөз сөйледі. Мектеп оқушыларын волонтерлік ұйымының жұмысы, оның Ақмола облысындағы қалыптасу кезеңдері туралы қызықтырды. Іс-шара барысында мақсаттар, міндеттер және алдағы жоспарлар айтылды.
Ақкөл мектебінің волонтерлік клубының жетекшісі Юлия Викторовна іс-шара қонақтарымен бірге бірнеше жыл бойы айналысып жүрген іс-әрекетін көрсетті. Ол үшін волонтерлік жұмыс Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО-да бастау алды. Дәл сол кезде ол волонтерлік қозғалыс - бұл қазір қоғамға қаншалықты қажет екенін түсінді.
Мектеп оқушылары іс-шара барысында өздеріне көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді танып, өздерінің шын ниеттерін және қызығушылықтарын көрсетті. Он бес белсенді бала естелік белгілермен марапатталды және волонтерлер қатарына қабылданды.
Шара жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.