«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

21.07.2023

Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі білім басқармаларының қызметіне мониторинг жүргізу барысында біздің облыста Үйлестіру кеңесінің жұмыс істеп жатқанның оң тәжірибесін атап өтті.

        2023 жылғы 19 шілдеде Көкшетау қаласында «Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе» республикалық семинары өтті.
Республикалық семинар жұмысына: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығы директорының м. а. Светлана Исмагулова, облыстардың (қалалардың, астананың) білім басқармаларының, облыстық әдістемелік орталықтардың өкілдері; инклюзивті практикаларды енгізу жөніндегі тірек ұйымдардың, Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, Ақмола облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі қызметінің оң тәжірибесін тарату және алмасу болды.

Семинардың пленарлық отырысы «Болашақ сарайы» базасында өтті. Одан кейін делегация Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының жеке білім беру ұйымдарының инклюзивті тәжірибелерін дамыту жөніндегі қызметпен танысты.

Ақмола облысының білім басқармасы 2010 жылдан бастап инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, оның негізгі қағидаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың тиісті жағдайлар жасау кезінде жалпы білім беру ортасында дені сау құрдастарымен бірлесіп оқуға құқығы болып табылады.

Облыста денсаулыққа ерекше білім беру қажеттілігі бар 12 389 бала тұрады. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау процесіне тартылған барлық құрылымдардың іс-әрекеттерін ретке келтіру және үйлестіру мақсатында 2014 жылғы ақпанда Білім басқармасы жанынан инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды, оның төрағасы Марат Ибраев, ҚР  білім беру ісінің құрметті қызметкері, саясат.ғ.к. болып табылады.

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст