2020 жылғы 14 ақпан күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің № 13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясында «Ақмола облысында инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбы бойынша Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің және Ақмола облысы білім басқармасының алқасының инклюзивті және арнайы білім беру секциясының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа 60-тан астам қатысушы келді:
- Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері;
- білім басқармасының бас мамандары;
- инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері;
- инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек ұйымдардың меңгерушілері мен басшылары;
- облыстық ұйымдардың басшылары (облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы, облыстық дене шынықтыру, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, облыстық арнайы түзету мектеп-интернаттары).
Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын қарастырды. Аталған тақырып бойынша баяндамасымен Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы, «инклюзивті білім беру» бағыты бойынша ғылым магистрі М.Ж. Темірбаева сөз сөйледі. Майя Жеңісқызы ҚР арнайы және инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістермен таныстырды.
Отырыста Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2019 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
«Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ меңгерушісі Т.С. Алхатова ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке білім беру бағытын анықтау бойынша ПМПК-ның жалпы білім беретін және арнайы ұйымдармен өзара әрекеттестігі туралы айтты.
Одан әрі жұмыс екі кіші секция бойынша жалғасты: «Арнайы білім беру»,«мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру, ТжКОБ».