Текст
2020 жылғы 18 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында білім берудегі заманауи үрдістерді ескере отырып және шет тілдерін оқыту дағдыларын дамыту мақсатында «Inter Press Distribution» компаниясы «Oxford University Press» баспа үйінің қолдауымен «Ағылшын тілі» пәніне жетекшілік ететін әдіскерлерге арналған «Оқушылардың жан-жақты дамуы тұрғысынан шет тілдерін оқытудағы әдіснамалық инновациялар» тақырыбында семинар- тренинг ұйымдастырды.
Бұл іс-шарада Oxford University Press баспасының Оксфорд мұғалімдер академиясының жаттықтырушысы Мартин Кертис (Martin Curtis) сөз сөйледі.
Ақмола облысынан 14 әдіскер қатысты.
Тренинг соңында қатысушыларға Оксфорд баспасының сертификаттары берілді.