«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы бойынша 2019-2020 оқу жылы 9 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауын өткізуге дайындық

19.02.2020

Білім басқармасының 2020 жылғы  20 ақпандағы  №12 бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттау бойынша негізгі бағыттарды реттейтін жұмыс комиссиясы және тәжірибелі пән педагогтары қатарынан әзірлеушілер мен сарапшылар тобының жұмыс кестесі жасалды.

17 ақпан мен 27 наурыз аралығында 16 пән бойынша емтихан материалдарын әзірлеу, 1 сәуір мен 8 сәуір аралығында емтихан материалдарын сараптау жүргізіледі.

 Оқу пәндері бойынша әзірлеушілер тобы қорытынды аттестаттау бойынша тапсырмалардың нұсқаларын дайындайды:

- жалпы білім беретін мектеп үшін-2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);

- гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер үшін-2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);

- арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар үшін-1 нұсқа.

2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында жұмыс тобы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан материалдарын әзірлеу жұмысын бастады

Қазіргі уақытта аталған жұмыс негізгі бағыттар бойынша жалғасады және егжей-тегжейлі пысықталатын болады.

 

 

Просмотров: 477


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст