«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Үздік әдістемелік әзірлеме» атты облыстық сырттай конкурсы өтті

21.02.2020

2020 жылғы 21  ақпан күні  «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Үздік әдістемелік әзірлеме» атты облыстық сырттай конкурсы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты оқушыларға білім беруде заманауи тәсілдерді іске асыратын,   қазақ ақындарының идеяларын, сондай-ақ рухани мұраның құндылығы мен маңызын насихаттайтын шығармашыл педагогтарды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады.

Конкурсқа облыстың білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Жалпы конкурсқа 49 әдістемелік әзірлеме  ұсынылды.

Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік әдістемелік әзірлемелерді анықтады:

I орынЖахина  Насима Какеновна, Сандықтау ауданы Максимовка орта мектебі.

II орын – Бралина Сандуғаш Советқызы, Көкшетау қаласы  С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі,

II орын – Павлова Светлана  Ивановна, Шортанды ауданы  Жолымбет орта мектебі.

III орын – Нугаева Татьяна Викторовна, Бурабай ауданы Зеленобор мектеп-гимназиясы,

III орын – Камидоллина  Айгерим Мухамедияновна, Жақсы ауданы Перекатный  орта мектебі,

III орын Залгаринова Алмагуль Имангалиевна, Ерейментау ауданы,Өлеңті орта мектебі,

III орын  Лена Тегисхан, Целиноград ауданы Қоянды орта мектебі.

Облыстық кезеңнің барлық қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдары мен сертификаттарымен марапатталады.

 

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

 

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст