«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

18.08.2023

 

Елордада 2023 жылы 15-16 тамыз күндері Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Ы.Алтынсарин акдемиясымен бірлесіп «Біртұтас білім беру бағдарламасы: құндылықтар және оларды қалыптастыру жоспары» атты республикалық семинар өткізді.

Семинарға Ақмола облысының білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері және мектеп тәрбие ісі-жөніндегі директорының орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру, тәрбие құндылықтарын пәндік білім мазмұнына интеграциялау, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын арттыру мәселелері қаралды.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Министр балалардың бойына ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті сіңіру қажеттілігін атап айтты.

«Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады», - деді Ғани Бейсембаев.

Екі күнге созылған шара аясында қатысушылар мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік тәжірибені қолдану мәселелері бойынша пікір алмасып, жан-жақты үйлесімді дамыған және әлеуметтік тұрғыдан жауапты тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

  •  
Просмотров: 760


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст