«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Солтүстік Қазақстан облысында өткен Республикалық Тамыз кеңес

25.08.2023

Петропавл қаласында "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" республикалық тамыз кеңесі аясында "Педагог мамандарды даму" мектепке дейінгі білім беру педагогтердің кәсіби және жеке өсуі және орта білім беру ұйымдары педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы бойынша секциялық отырыстар өтті. 
 Секциялық отырыстардың жұмысында Ақмола облысының педагогтері республиканың түрлі өңірлеріндегі әріптестерімен өз тәжірибелерімен алмасты.  "Өрлеу "БАҰО" АҚФ Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ж.Ө. Жалмуханова және Сахнова Н. А., Атбасар қаласындағы "Алтын бесік" бөбекжай-балабақшасының әдіскері республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері арасында "Жаңа форматтағы іздестіру қызметі немесе балабақшадағы квест-технологияны қалай тиімді пайдалану керек" атты шеберлік сабағын өткізді.
Орта білім беру педагогтері арасында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы  Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институтының  директоры А. Н. Иманова "Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру" тренингін өткізді. "Тірі" қарым-қатынас форматында қатысушылар қарым-қатынас стилін анықтады, тиімді педагогикалық қарым-қатынас бойынша кеңестер әзірледі. Щучинск қаласындағы № 1 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Б. Н. Абдульманова "Педагогтің кәсіби дамуындағы цифрландыру" шеберлік-сабағын өткізді.  Бұл шеберлік- сабақ педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылы үшін жағдай жасауға ықпал етті, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану дағдыларын практикалық игеруге ықпал етті.
Республикалық тамыз кеңесі ңаясындағы секциялардағы жұмыс кәсіби қарым-қатынасқа, педагогтердің озық тәжірибесімен алмасуға, еліміздің әртүрлі өңірлерінің педагогтері арасындағы байланысты нығайтуға және заманауи озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға ықпал етті.

Просмотров: 673


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст