«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН:
САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» «АУЫЛ МЕКТЕБІН ДАМЫТУ»
білім саласы қызметкерлеріне арналған республикалық тамыз кеңесі аясында өткізілген панельдік секция отырысы
🔹Ағымдағы жылғы 24 тамызда Ақтөбе қаласындағы жалпы орта білім беретін «Білім» мектеп-гимназиясы базасында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында педагогтердің жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесі аясында панельдік секция отырысы өтті.
Отырыс шағын жинақты ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру, сапалы білім беру қызметтеріне тең қолжеткізуді қамтамасыз ету, цифрлы платформаларды пайдалана отырып білім алшақтығын азайту мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Панельдік секция отырысына білім басқармасы басшысының орынбасарлары, мамандары, бөлім басшылары, облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері, шағын жинақты мектеп, тірек және магниттік мектеп директорлары және директор орынбасарлары, ШЖМ педагогтері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 300 адам.
Секциялық отырыстың І бөлімі фасилитацияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы «Ауыл мектептерін және Шағын жинақты мектепті дамыту» зертханасының меңгерушісі Мұқышева Алмагүл Наурызбайқызы, «Bilim Media Group» компаниясының директоры, «Online Mektep» платформасының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы, «Daryn.online» платформа жетекшісі Асқар Мақсатұлы, «ROQED» ЖШС менеджері Жақсыберген Рауан Әнуарұлы, «Kundelik» ЖШС даму жөніндегі директоры Ищанов Марат Серикович, «Kundelik» ЖШС техникалық қолдау және әдістеме бөлімінің бас маманы Игисинова Сәуле Болатқызы қатысты.
ІІ бөлімінде Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Закирин Думан Қайратұлы, Ақмола облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Омарова Айгүл Бекенқызы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің директоры Жұбанова Қансұлу Жұмағұлқызы, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Жилгелдин Сабыржан Жексенғалиұлы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Білім-ALL» өңірлік жобасы аясында бір жыл көлемінде онлайн сабақ жүргізген 35 виртуалды педагогтері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының Алғыс хатымен марапатталды.