«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің панельдік сессиясы

25.08.2023

2023 жылы 24 тамыз күні Қызылорда қаласының академик В. Момунбаев атындағы ІТ – мектеп лицейінде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында Республикалық білім саласының мектепке дейінгі ұйым педагогтарының панельдік сессиясы өтті.

 Панельдік сессияның мақсаты 2023-2024 оқу жылына арналған мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүесінде зерттеу нәтижелеріне негізделген, сыналған және ұсынылған инновациаларды одан әрі тарату үшін шешімдер әзірлеу.

Секциялар жұмысына  өңірлік білім басқармаларының МДББ бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары, облыстық оқу-әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар басшылары, әдіскерлері, педагогтар, педагогикалық ЖОО және колледж оқытушылары, «Өрлеу» БАҮОАҚ- ның өңірлік кәсіби даму институттары филиалдарының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен баспалардың өкілдерімен  "Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби және тұлғалық дамуы", "Заттық дамытушы білім беру ортасы -тұлғаны қалыптастыру кепілі", "Білім алуға тең мүмкіндіктер", "Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар сапасы мен менеджементі", "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттары", "Балаларды тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының ынтымақтастығы" тақырыптары талқыланып ұсыныс пікірлер айтылды.

6 панельдік секция жұмыстарына  400 педагог қатысты.

Просмотров: 905


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст