«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инновациялық-жобалық қызмет – білім беру ұйымдарында білім беру қызметін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында облыстық аймақтық семинар- практикум

26.02.2020

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы  26 ақпанда Целиноград ауданы «Солнышко» балабақшасы базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәрбиеленушілермен жұмыста инновациялық-жобалық қызмет әдісін қолдануға уәждемесін жасау, сондай-ақ Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2022 оқу жылына ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызметті енгізу бойынша шығармашылық пен кәсіби белсенділікті дамыту құралы ретінде жоба әдістерімен танысу арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында  «Инновациялық-жобалық қызмет – білім беру ұйымдарында білім беру қызметін ұйымдастыру формасы ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Аталған семинар-практикум мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәрбиеленушілермен жұмыс істеуде инновациялық - жобалық қызмет әдісін қолдануға мотивациялау, педагогтардың шығармашылық және кәсіби белсенділігін дамыту құралы ретінде жоба әдістерімен таныстыру арқылы семинарға қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар-практикумның жұмысына Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының 40-тан астам педагогтары белсенді қатысты.

Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Кажахметова Айман Негметжанқызы, Нұрмағамбетова Гүлназ Заркейқызы семинар-практикумының тиімді  өтуін қалыптастыру  үшін сөз сөйледі, сонымен қатар «Мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық технологиялар» атты іскерлік ойынын өткізді.

Семинар-практикумның практикалық бөлімінде Целиноград ауданының «Солнышко» бала-бақшасының педагогтары Блажко Светлана Фанилевна «Коммуникация», «Социум»  «Біз өз еліміздің кішкентай азаматтарымыз»,   Куроедова Яна Юрьевна «Нұр-Сұлтан қаласында саяхат»,  Нұрғалиева Ақбопе Касымханқызы «Жануарлар әлемі», Городецкая Дарья Сергеевна «Коммуникация», «Таным», «Социум» «Қазақстан Республикасының Рәміздері», Аберле Маргарита Васильевна «Менің Отаным» интеллектуалдық ойын, Штайнпрейс Юлия Александровна «Таным», «Социум» «Ғажайыптар жаныңда»   білім беру оқу қызметін, сондай-ақ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Қожахметова Айман Негметжанқызы педагогтарды өзін-өзі жетілдіру және оларды шығармашылық қызметке тарту мақсатында «Миға  шабуыл» өткізді. Онда педагогтарға қандай да бір технологиямен әр түрлі материалдардан коллаж жасау және оны таныстыру ұсынылды.

Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының педагогтары балабақшалардағы ұзақ мерзімді инновациялық-жобалық қызмет бойынша жұмыстың формалары мен әдістерімен бөлісті, жоспарлы, жүйелі, тәрбиелік-білім беру, инновациялық-шығармашылық, балалар мен ата-аналарды әртүрлі қызмет түрлеріне тартудың оңтайлы және перспективалық әдістемесінің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

 Семинар соңында педагогтарға педагогикалық жағдайлар берілді, онда олар нақты жағдайдан оңтайлы шығу жолдарын тапты, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық-жобалық қызметтің табыстылық критерийлері мен мәселелері талқыланды және одан әрі бірлескен шығармашылық жұмыс үшін әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст