Текст
2023 жылдың 29 тамыз күні Ақмола облысы Атбасар қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Сандықтау, Жақсы, Есіл, Атбасар, Жарқаин аудандардын білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, колледждері директорларының орынбасарлары қатысты. Барлығы 110 адам.
Семинар барысында жаңа оқу жылында оқу – тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы, оқушылардың және студенттердің бойына ұлттық құндылықтарды, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттерді сіңіру мәселелері талқыланды.