Текст
023 жылғы 6 қыркүйекте онлайн форматта 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесінің нормативтік-құқықтық және әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыс кеңесі өтті. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер базасында инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің (ИББҚ РК) қызметі мен ашылуы туралы мәселе қаралды. Ағымдағы жылы облыста 9 ИББҚ РК ашылды, жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашу жоспарлануда.
Кеңеске инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері және инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.