Текст
Ақмола облысы әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлерімен білім беру ұйымдарының педагог- психологтарына «Білім беру ұйымдарында психологиялық клубтардың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Психологиялық клубтың мақсаты: өзіне және басқа адамдарға деген оң көзқарасты ынталандыру; өзінің оқу іс-әрекетіне ой жүгіртуге, қиындықтарға тап болған кезде өз мәселелерін, жеке басының ерекшеліктерін түсінуге, оларды жеңуге үйрену; өзін-өзі дамыту қажеттілігін арттыру.