2020 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысының мектептерінде 17186 оқушыны қамтыған келесі іс - шаралар өткізілді: «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім»- бастауыш сыныптар үшін іс-шара, суреттер көрмесі, «Абай-ең үздік педагог!» мәнерлеп оқу байқауы. Сонымен қатар, оқушылар арасында «Сен қандай кітапты оқығанды жақсы көресің?» -атты сауалнама жұмыстары жүргізілді. Сауалнамада оқушылар өздерінің қиял-ғажайып ертегілері мен әдеби шығармаларға қызушылықтары зор екенін сауалнама барысында көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары облыс мектептерінің кітапханаларында «Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында өткізілген сыныптан тыс іс-шараларға қатысты. Облыста «Мектепке кітап сыйла» акциясы бойынша үлкен жұмыс жүргізілді: оқушылар оқыған кітаптар туралы өз әсерлерімен бөлісті, ұнаған кейіпкерлер туралы айтты, бір-біріне белгілі бір кітапты алып оқуға ұсыныс білдірді.