Текст
Жыл сайын оқу жылының басында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері колледждермен жұмыс оқу жоспарларын сараптау бойынша жұмыс жүргізеді. Жұмыс барысында талдау жүргізіледі, ұсынылған материалдар бойынша деректер түзетіледі, басшылардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына оқу жұмыс жоспарларын жасау кезінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік - құқықтық құжаттарды, нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алатын ұсынымдар ұсынылады.
Оқу жылы ішінде семинарлар, практикумдар, әдістемелік бірлестіктердің отырыстары ұйымдастырылады, онда оқу құжаттамасын жасау және ресімдеу мәселелері талқыланады.