Мектепте педагог-пихологтардың қызметіне әдістемелік көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша шығу шеңберінде 2020 жылғы 25-27 ақпан аралығында Аршалы, Ерейментау және Шортанды аудандарына шығу жүзеге асырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шортанды ауданындағы Бозайғыр кентінің білім беру ұйымдары қамтылды( Бозайғыр к. колледж – интернат – мектебі, Бозайғыр ОМ).
Шығу кестесіне сәйкес аудандардың мектептері мен колледждеріне әдістемелік көмек көрсетілді. «BILIM FOUNDATION» ҚҚ координаторларымен бірлесіп, «Денсаулық және өмірлік дағдылар»атты кітаптар сериясының және «Егер мен білгенімде...» деректі фильмінің тұсаукесері, «Кәмелетке толмағандар арасында денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай – ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша оқытылған педагог-психологтармен, жалпы практика дәрігерлерімен, аудандардың психологтарымен клиникалық жағдайларды талдау бойынша семинар өтті. «Ең үздік психолог кабинеті» конкурсының қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, ата – аналар жиналысы өтті, онда әр бала үшін кезінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуінің маңыздылығы айтылды.
Тәрбие бөлімінің әдіскері Ермуханова И. И.