«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-нің «Білімді жастар» жас педагогтер одағының жұмыс жоспарына сәйкес on-line форматта аудандар мен қалалардың жас педагогтер одағы төрағаларының жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар бойынша мәселелер қаралды.
Жас педагогтер одағының жұмысын жүйелі басқару үшін жаңа оқу жылына арналған жоспар, оның мақсаттары, міндеттері, негізгі бағыттары және жергілікті құжаттар қаралды.
Жас педагогтер одағының отырысы барысында Жарқайың ауданының жас педагогтер одағының төрағасы, педагог-психолог, жас педагогтерге психологиялық көмек көрсету және қолдау жұмыстарын үйлестіруші Манатов Аслан Айтжанұлы «Жас педагогті бейімдеу процесінің ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Өз сөзінде Аслан Айтжанұлы жас педагогтарға жайлылық аймағынан шығуға және жеке білім беру бағытын құруда сарапшылардан кәсіби баға алуға, олардың жетістіктерін жағымды эмоциялармен нығайтуға көмектесетін түрлі іс-шараларға қатысып, кәсіби құзыреттілігін көрсету қажеттігін атап өтті.
Отырыс соңында сындарлы диалог өтті, төрағалар өзара пікір алмасты және кәсіби ортаға сәтті енудің негізгі факторларын анықтады.