«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында «Ағылшын тілінің үздік бейне-сабағы» облыстық (сырттай) байқауы

11.03.2020

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспары негізінде 2020 жылғы  10 ақпан мен 10 наурызы аралығында ағылшын тілі мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін анықтау және көпшілікке тарату, заманауи кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, олардың педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілінің үздік бейне-сабағы» сырттай байқау өткізілді.  

Байқауға Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Сандықтау, Жақсы, Ерейментау, Біржан сал, Есіл, Жарқайың, Целиноград, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 14 бейне-сабақ ұсынылды.

Жұмыс нәтижелері бойынша 1, 2, 3 орындар және «Оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың тиімділігі», «Ең тиімді сараланған сабақ», «Заманауи әлемдегі өзекті сабақ» номинациялары анықталды»:

1 орын – Берегенько Лариса Францевна, Целиноград ауданы №33 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі;

2 орын – Полозова Светлана Анатольевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының №10 жалпы үлгідегі мектеп-интернатының  ағылшын тілі мұғалімі;

3 орын – Башлыкова Оксана Михайловна, Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі.

«Оқу ынтымақтастығын ұйымдастырудың тиімділігі» номинациясы бойынша Аршалы ауданы Абай атындағы Нововладимиров орта мектебінің  ағылшын тілі мұғалімі Ахметова Айгүл Ерболқызы;

«Ең тиімді сараланған сабақ» номинациясы бойынша Егіндікөл ауданы №2 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Бутьковец Светлана Ивановна;

«Заманауи әлемдегі өзекті сабақ» номинациясы бойынша грамотасы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Амиржанова Когаршин Казиевна грамоталармен марапатталды.

 

 

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст