«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Озық педагогикалық тәжірибе - педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізі

23.10.2023

 

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 20 қазан күніЗеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназияда «Озық педагогикалық тәжірибе - педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Облыстық семинарға Атбасар, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Сандықтау аудандарының білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, авторлық бағдарлама, озық педагогикалық тәжірибе жұмысына жауапты әдіскерлер, мектеп  директорлары, балабақша әдіскерлері, пән мұғалімдері, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері қатысты.Семинар жұмысына 100 астам педагог қатысты.

Семинарда келесі мәселелер қаралды:

  1. «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;
  2. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу процесінде білім беру ұйымдары мен отбасының өзара іс-қимылы»;
  3. «Заманауи әдістемелер арқылы білім берудің тиімділігін арттыру»;
  4. «Мектеп дамуын басқару».

         Пленарлық отырыста мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін тарату арқылы педагогтің жалпы, коммуникативтік және зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыру мәселесі талқыланып, ұсынымдар шығарылды.

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст