Қазан айында «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ облыстың мектепке дейінгі мекемелері арасында «Менің елім – Қазақстан» атты сырттай республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, балалар мен ересектердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сараптама комиссиясының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
I – орын «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының «Балдырған» мектеп- балабақшасы» КММ, 4-5 жас балалар хоры, жетекшілері: Жүгенбай Кенжебек, Болатбек Айбөпе.
II – орын «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК, Ертаева Раяна, 5 жаста, жетекшісі: Дюсенова Жулдыз Каримжановна.
III – орын «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жақсы ауылының «Дән» бөбекжайы» МКҚК, ортаңғы топ, жетекшілері: Сабекова Умут Акпаровна, Яваева Екатерина Григорьевна.
Жүлделі орын иегерлері мақтау грамоталарымен марапатталады.