«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін сынамалық тестілеу

23.10.2023

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында оқу жылының басында 4 және 9-сыныптарда ББЖМ бойынша кіру (енгізу) тестілеуін өткізді.

4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

Оқу сауаттылығы - 10 тест тапсырмасы;

Математикалық сауаттылық - 12 тест тапсырмасы;

Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы - 8 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының нысаны: таңдау арқылы бір дұрыс жауапты белгілеу.

Тесттің орындалу уақыты-75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл 30 балл.

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы (физика, химия, биология, география) әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының нысаны: таңдау арқылы бір дұрыс жауапты белгілеу. Тесті орындау уақыты-150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл-75.

Тестілеуге 4 сыныптың 11401 оқушысы және 9 сыныптың 10213 оқушысы қатысты. Бұл сынақ тестілеу оқу сапасын бақылау құралы  бола отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал педагогтер әр аудан бойынша білім алушылардың оқу дайындығының мықты және әлсіз (осал)  жақтарын анықтай алады.

Просмотров: 658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст