«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу үдерісінің негізгі мәселелері

24.10.2023

2023 жылдың 20 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқу үдерісінің негізгі мәселелері» атты онлайн – семинар өткізілді. Семинар жұмысына басшылардың оқу ісі  жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар жұмысы келесі мәселелерді қарастырудан басталды: 2022-2023 оқу жылындағы үлгерім мониторингі, 2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарлары сараптамасының нәтижелері, колледжішілік бақылау жүргізу. Әдіскер Қ.М. Жаманбаева өз сөзінде «ТжКББ ұйымдары студенттерінің 2022-2023 оқу жылының бірінші  және екінші жарты жылдығындағы оқу үлгерімдерінің мониторингі» туралы толық  ақпаратты кеңінен  ұсынды,  2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу кезіндегі оң жақтары мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, қызмет бағыттары бойынша  колледжішілік бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында 2022-2023 оқу жылының екі жартыжылдығының қорытындысы бойынша, сондай-ақ жекелеген мамандықтар бойынша мемлекеттік және жекеменшік колледждер арасындағы үш жылдағы үлгерім мен білім сапасы мәселелері талқыланды. Мәселен, жоғары көп салалы азаматтық қорғау  колледжі  басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары У. К. Рамазанова жақсы көрсеткіштерге қалай қол жеткізуге және оқу жылын артта қалушыларсыз жарты жылдықты (семестрді) аяқтауға болатындығы туралы айтып берді. Басшылардың орынбасарлары-Шульга Л. В. (Есіл қаласы, Агротехникалық колледжі), Омарова Г. А. (Атбасар қаласы, Аграрлық - индустриялық колледжі), Калайдарова Л. Н. (Степногорск қ. Тау-кен техникалық колледжі), «Білім берудегі Менеджмент: колледждегі оқу үдерісінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарынан алған әсерлерімен бөлісті. Өз сөздерінде олар жоғары нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштерінің бірі командада жұмыс істеу екенін атап айтты. ТжКБ бөлімінің басшысы С. С. Сералина жұмыс сәттерінде, атап айтқанда курстық даярлау, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу және т. б. мәселелеріне назар аударды.

Семинарға қатысушылар арасында басшының орынбасары Г. К. Жүсіпбекованың дүниежүзілік ғылыми фестиваліне қатысу туралы мазмұнды баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. (Ш.Уәлиханов ат. КУ жанындағы көпсалалы колледжі). Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст