«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5 педагог Ақмола облысының «Үздік педагогі» атағына ие болды

24.10.2023

2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурсқа облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының 30 педагогі қатысты.

Конкурсқа қатысушы педагогтер өздерінің конкурстық материалдарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктеді. Оның ішінде педагогтің портфолиосы, бейнесабағы, «Озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау» бейнеролигі және эссе бар.

Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі педагогтер жеңімпаз деп таңылып, республикалық кезеңге қатысу үшін жолданды:

1.Серкешбаева Гульжанат Нурмагамбетовна, «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы

2.Дуйсенова Асия Пермекуловна, «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының IT мектеп-лицейі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі;

3.Калмаганбетова Гулайым Тастановна, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

4.Хасихан Енгилик, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі» КММ, математика пәні мұғалімі;

5.Шульгина Ольга Ивановна, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының балалар-жасөспірімдер шағармашылығы орталығы» МКҚК, қосымша білім беру педагогы.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!

Просмотров: 898


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст