2020 жылғы 13 наурыз күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді білім беретін мамандандырылған мектеп – гимназия базасында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптарында сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Шығармашылық зертхана» облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарды өткізудің мақсаты «Үздік педагог -2019» республикалық байқауының жеңімпазы, Ақмола облысы Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді білім беретін мамандандырылған мектеп - гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ахметжанова Самал Кенжеболатқызының жұмыс тәжірибесін тарату болып табылады.
Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы кіріспе сөз сөйледі.
Семинар аясында Самал Кенжеболатқызы әдістемелік көрме көрсетті, онда өз сабақтардың авторлық, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерін, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқу - әдістемелік кешендерін ұсынды.
Педагог портфолиосына оның білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелері, педагогтың белгілі бір уақыт кезеңінде білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылды.
Мұғалім әдістемелік жұмысты көрме және презентациялар, фото – бейне материалдар түрінде көрсетті. Семинардың ең жарқын сәті екінші сыныпта «Food» тақырыбында ашық сабақ өткізу болып табылады.
Семинар барысында ағылшын тілі мұғалімі Шапенова Г.К. бастауыш мектепте CLIL әдістемесін қолданудың негізгі критерийлерін жан-жақты қарастырды. ағылшын тілі мұғалімдері Сайлаубекова Р. Ш. және Сайдалина Г. М «Colour changing milk experiment» тақырыбы бойынша танымдық шеберлік сағатын өткізді.
«Мұғалімнің шығармашылық зертханасы» мәселесінің өзектілігін есепке ала отырып, «Заманауи жағдайдағы көшбасшы мұғалімнің рөлі» тақырыбы бойынша қорытынды шығарылды.