Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 қазан күнінде «Озық педагогикалық практика: тәжірибе, проблемалар, даму стратегиясы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарға Ақкөл, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандық және Степногорск, Қосшы қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, авторлық бағдарлама мен озық педагогикалық тәжірибе жұмысына жауапты әдіскерлер, мектеп директорлары, балабақша әдіскерлері, пән мұғалімдері, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері қатысты. Семинар жұмысына 100 астам педагог қатысты.
Семинарда келесі мәселелер қаралды:
Пленарлық отырыста мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін тарату арқылы педагогтің жалпы, коммуникативтік және зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыру мәселесі талқыланып, ұсынымдар шығарылды.